Экономика бойынша Нобель сыйлығын американдық Пол Кругман жеңіп алды. Бүгін Стокгольмде Швеция академиясы Кругманды еркін сауда мен жаһандастырудың әсері туралы жұмыстары үшін марапаттады. Бұл жүлдені осыдан 40 жыл бұрын Швецияның орталық банкі бейбітшілік пен әдебиет және ғылымға арналған сыйлықтың негізін қалаған Алфред Нобелдің естелігіне арнап шығарған болатын. Кругман АҚШ-тағы Принстон университетінің профессоры әрі The New York Times басылымында шолушы болып жұмыс істейді.