Қазақстанға Эстонияның сыртқы істер министрі келеді

Ертең Қазақстанға ресми сапармен келетін Эстония Республикасының Сыртқы істер министрі Урмас Паэт ел басшысымен кездесу өткізеді, — деп хабарлады ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев. Сапар барысында екі ел арасындағы саяси, сауда - экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.