ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдағы Медеу ауданының Горная көшесіндегі «Коттеджный блок» құрылыс нысанында бір жұмысшы қаза тапты. «Туркуаз ИДАстрой» ЖШС-нің жұмысшысы 42 жастағы азамат құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында үйдің төбесінен құлап, сол жерде көз жұмған.