Түркия мен күрд жауынгерлері қақтығысты

Түрік сарбаздары мен күрд жауынгерлері арасында орын алған шайқастан 10 адам қаза тапты. Олардың бесеуі түрік сарбазы, ал қалғандары көтерілісшілер деп хабарланып отыр. Сәрсенбі күні Ирақ шекарасына жақын жерде болған қақтығыстан сондай-ақ 15 адам жарақат алған. Күрд көтерілісшілері Түркияның оңтүстік-шығысында автономияға қол жеткізу мақсатында 1984 жылдан бері соғысып келеді.