Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Ереванға барады. Екі күндік ресми сапары барысында Медведев Армения президенті Серж Саркисянмен кездесіп, сауда мен энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Екі жақ сондай-ақ Грузия-Ресей соғысынан кейін Оңтүстік Кавказда қалыптасып отырған жағдай туралы да сөз қозғайды.