Алматыдағы лак пен бояу жасайтын кәсіпорында өрт болды

Алматының Түрксіб ауданындағы Якубов пен Ярославская көшелерінің қиылысында орналасқан «Колор Центр – PIPIGI» ЖШС-нің 300 шаршы метр аумақты алып жатқан лак және бояу өнімдерін жасап құятын кәсіпорнында өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.