Көрші елдер Ираққа мәдениет ескерткіштерін қайтарады

Ираққа көрші елдер онымен қауіпсіздік саласында ынтымақтастық құруға және өз жерлерінде Ираққа қарсы террористік қастандықтарға әзірленуге жол бермеуге сөз берді.

Иордания астанасы – Амманда бас қосқан 9 елдің, оның ішінде Түркия мен Сирияның және Иранның Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ, 2003 жылғы соғыс кезінде және соғыстан кейін елден ұрланған мәдениет ескерткіштерін кейін қайтару ісіне атсалысуға келісті.