Илһам Әлиев – екі рет Әзірбайжан президенті

Бүгін Бакуде Илһам Әлиевтің екінші 5 жылдық мерзімге Әзірбайжан президенті ретінде міндетіне кірісу рәсімі – инаугурациясы өтеді. Салтанатты шараға көптеген елдің президенттері шақырылды.

Әзірбайжандағы кезекті президент сайлауы 15 қазан күні болып өтті. И.Әлиевті сайлаушылардың 88 пайыздан астамы қолдап дауыс берді.
Әзірбайжанның оппозициядағы жетекші күштері сайлауға байкот жариялады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары сайлаудың халықаралық стандарттарға толық лайық болмағанын атап көрсетті.