2009 жылы НАТО-ға тағы 2 ел мүше болады

АҚШ президенті Джордж Буш НАТО одағын кеңейтуге бағытталған тағы қадам жасады.
Вашингтонда өткен салтанаттың барысында Дж.Буш Хорватия мен Албанияның альянсқа кіруіне жол ашатын хаттамаға қол қойды.
Ол хаттаманы НАТО-ның құрамындағы барлық 26 мемлекет түгел құптағанда ғана екі ел Одаққа мүше болып қабылданады.
Джордж Буш, сонымен қатар, Украина мен Грузияның және Черногорияның да НАТО-ға кіруін қолдайтынын қайталап айтты.
Сондай-ақ АҚШ президенті Сербияны да альянсқа кіруге шақырды.

Алайда Ресей НАТО-ның өз шекарасына қарай кеңеюі өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп санап, оған түпкілікті қарсы.