Ертең Конгресс-холда ашылатын «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы — Экспо-2008» атты халықаралық көрме Қазақстанда үшінші рет өткелі отыр. Fair Expo көрме компаниясы ұйымдастырып отырған шара ҚР Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімшілігі мен Қазақстан құрылысшылары ассоциациясының қолдауымен жүзеге аспақ.