Алматылық үлескерлер баспанамен қамтамасыз етілмек

Алматы қаласының үлескерлерін үймен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан бөлінген қаржыға аяқталатын құрылысы бітпеген 3 тұрғын-үй кешені таңдалды, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметінше, таңдалып алынғандар:
Әуезов ауданындағы «Жетісу-3» тұрғын-үй кешені, пәтерлердің жалпы саны – 206, үлескерлерге сатылғандарының саны – 98, бос пәтерлер – 108;
Медеу ауданындағы «МеркурГрад» тұрғын-үй кешені, пәтерлердің жалпы саны – 1673, үлескерлерге сатылғандарының саны –511, бос пәтерлер –1162, үлескерлерге 451 пәтер салынады;
Түрксіб ауданының «Көкжиек» ықшамауданындағы 40 пәтерлік 3 тұрғын үй, пәтерлердің жалпы саны – 120.
Қазан айының соңында «Жетісу-3» және «Көкжиек» ықшамауданындағы кешендердің, ал қараша айында «МеркурГрад» кешенінің құрылыстарын аяқтауға байқау жарияланады. Аталған тұрғын үйлер мен кешендердің құрылыстарын аяқтау мерзімі 2009 жылдың үшінші тоқсанына белгіленіп отыр.