Ауғанстан - Пәкістан кіші Кеңесі өтуде

Исламабадта өтіп жатқан бұл екі күндік кездесуге қос елдің әрқайсысынан 25-тей өкілдер қатысып отыр. Тайпа басшылары қос елдің шекарасындағы қақтығыстарды азайтудың жолдарын іздестіруде. Талибан көтерілісшілерімен сөйлесулер өткізу де қарастырылып отыр. Осы проблемаға байланысты Бас ассамблея өткен жылы Кабулда болған еді.