Қазақстан үкіметі елдің 4 банкіне көмектеседі

Әлемдік дағдарысқа байланысты Қазақстан үкіметі елдің төрт банкіне 5 миллиард доллар құяды. Олар "Алянс-банк", "Банк Туран Әлем", "Халықтық банк" және "Казкоммерцбанк". Бұл жөнінде 28 қазанда Астанада үкімет отырысында премьер Мәсімов мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бұл қаржы дағдарысы кезіндегі Қазақстан экономикасын жандандыруға жұмсалады.