Алматы облысында күдіктілер ұсталды

Алматы облысының Іле ауданында заңсыз жер телімдерін сатумен айналысқандардың тобы ұсталды, — деп хабарлады ҚазАқпарат.
Іле ауданының прокуроры Талап Қалиақпаровтың мәліметінше, ұсталған үш әйел мен бір ер азаматқа 2006 жылдың маусымы мен 2007 жылдың қаңтар айының аралығында жер сатумен айналысты деген күдік келтіріліп отыр.
Арнайы тексерулер кезінде ұсталған күдіктілерге аталған уақыт аралығында 84 адамды тақырға отырғызған деген айып тағылды. Заңсыз жер сатудан келген шығынның көлемі 8,5 миллион теңге. Күдіктілер ұсталып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.