Бүгін Алматыдағы Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Қуат» корпорациясының бас кеңсесінің алдына жиналған үлескерлер наразылық акциясын өткізді.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, корпорацияның кеңсесі алдына жиналған 50-ден астам үлескер сол жерде қоныс тойын тойлап, төсеніш төсеп отырып, шәй ішті. Сондай-ақ өздерінің атынан жазылып, қолдары қойылған петиция мен 1 бөтелке шампанды «Қуат» корпорациясының президенті Олег Намның канцеляриясына апарып берді.