Қырғызстанға несие берілетін болды

Халықаралық қаржы қоры Қырғызстанға 60 миллион доллар көлемінде сынақ түріндегі несие беруге келісті. Бұл шешімді қордың басқарма кеңесі бекітуі тиіс. Мұндай көмек сыртқы әсерлерден зардап шеккен елдерге көрсетіледі дейді қор өкілдері. Ресми Бішкек экономикалық реформалар жүргізуге уәде берген екен.