Қарағандыда жанармай құю бекетінің операторын өлтіріп кетті

Бұл туралы хабарлаған облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратында: «Открытая көшесінде орналасқан «Омега» жанармай құю бекетінде атып өлтірілген 55 жастағы оператор әйелдің денесі табылды. Өлікті жанармай алуға келген полицей тауып алған», — делінген.

Полицейлердің болжамынша, қарақшылар әуелі әйелді атып өлтіріп, одан кейін терезені сындырып, кассаға кірген. Бекет иесінің айтуынша, өлтірілген әйелдің ұялы телефоны мен 100 мың теңге ақша жоғалған. Бұл ақшаның жартысы оператордың еңбекақысы болған.

Қарағанды облысы, Октябрь аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің мәліметінше, ҚР қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.