Сенбі күні таңертең Қырғызстанның Ош облысында қуаты 6 балға жеткен жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың кіндігі Нұра ауырының маңында болды. Бастапқы дерекке қарағанда, баспана-ғимараттар бұзылмаған, қаза тапқан немесе жапа шеккен ешкім болмаған. Жерасты қозғалысы жұма күні де байқалыпты.