Йемен соты содырдың жазасын жеңілдетті

Йеменнің апелляциялық соты Әл-Қаида ұйымының 10 жыл түрмеге кесілген содырының жазасын жұмсартты. АҚШ оны ұстап беруге 5 млн. доллар сыйақы тағайындаған болатын. Джабир Әл-Банна – 2006 жылдың қыркүйегінде Йеменнің мұнай өндірісіне жанпидашыл террористің шабуылын ұйымдастырмақ болғаны үшін өткен жылы айыпты деп танылды. Аппелияциялық сот оның “билікке өз еркімен берілгенін” ескеріп, 10 жыл мерзімге түрмеге кесілген жазасын 5 жылға дейін қысқартты.
АҚШ үкіметі қос азаматтығы бар - АҚШ пен Йеменнің азаматы болып табылатын Әл-Баннаны Әл-Қаиданы қаржыландырады деген күдікпен әлі де өзіне ұстап беруді талап етіп келеді.