Израиль мен Палестина өзара бейбіт келіссөзге әзір

Израиль де, Палестина да бейбіт келіссөзді жалғастыруға әзір екендерін растады.
Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер ретінде қатысатын халықаралық квартет өкілдерінің Мысырдың Шарм-аш-Шайх курортындағы басқосуында Израильдің сыртқы істер министрі мен Палестинаның ресми өкілі, бейбіт бітімге жоспарланған қаңтар айының соңына дейін қол қойылмайтынына қарамастан, әлем қауымдастығын бейбіт келіссөзге қолдау көрсетуге шақырды.