Өзбек құқық қорғаушысы Нью-Йоркте сыйлық алды

Өзбек журналисі әрі адам құқықтарын қорғайтын белсенді Умида Ниязова жұма күні Нью-Йоркте Human Rights Watch ұйымының сыйлығымен марапатталды. Бұл сыйлық 32 жастағы Ниязоваға “журналистика мен адам құқықтары мәселесіндегі батылдығы” үшін берілді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы мен тағы басқа ақпарат агенттіктеріне хабар беретін Умида Ниязова өткен жылдың қаңтар айында тұтқындалып, 4 айға жуық уақыт түрмеде болды. Бақылаушылардың көбі Ниязоваға тағылған айыптардың саяси астары бар деп, өзбек билігін құқық қорғаушыны азат етуге шақырған болатын. Ниязова қазір Германияда тұрып жатыр.