Е. Ертісбаев: Бостандық дегеніміз шың басындағы таза ауа тәрізді, әлсіз адамдар оны көтере алмайды...


Қадірменді оқырман, бұл айдардың толыға түсуіне және ол оқырманның іздеп отыратын айдарына айналуына сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Өзіңіз естіген, түрлі мерзімдік басылымдардан көзіңіз шалып қалған атқамінерлердің аузынан шыққан "қанатты сөз" тіркестері мен сөйлемдерді біздің сайтымызға жолдай аласыз: аzattyq@rferl.org

Ұтымды-ұтымсыз айтылған сөздердің антологиясын бірлесіп жасауға атсалысыңыз, қымбатты оқырман.



Н. Назарбаевтың кеңесшісі Е. Ертісбаевтың айтқандарынан:


Бұзылған қанды бүкіл ағзаға таралып, бүлдірмес үшін әрдайым ағзадан сыртқа шығарып отыру керек...

Бір партиялы парламент әдейі пайда болған жоқ қой. Жағдай солай қалыптасты.


Біз өзіміздің барлық қателіктеріміз бен минустарымызды білеміз, олар турасында бізге шетелдіктердің көзге шұқып көрсетіп жатқаны ыңғайсыз-ақ.

Ту сыртымыздан ұрланып қарайтындар немесе кілттің саңлауынан сығалайтындарды біз бала кезімізде не істеуші едік? Тұмсықтан перетінбіз.

Бостандық дегеніміз шың басындағы таза ауа тәрізді, әлсіз адамдар оны көтере алмайды...


"Бұл түзетулер біздің басылымдар мен электронды БАҚ-ын тек құқықтық кеңістікте жұмыс істеуге ынталандыратын болады. Бұл өте маңызды. Өйткені кейбіреулер бізге бұл өзгерістер ОБСЕ талаптарын бұзады деген сыңайда айтқан кезде, мен сіздерге айтар едім, ОБСЕ-нің басты талаптары- Конституциялық және құқықтық негізде жұмыс істеу..."
Қазақстан мәдениет және ақпарат министрі Е. Ертісбаевтың 2006 жылы 5 шілдеде "Баспасөз туралы" даулы заң жобасына президент қол қойған соң айтқандарынан.
Аударған Азаттық радиосы.