Бүгін Қазақстанға Черногория премьер-министрі Мило Джуканович ресми сапармен келеді. Бұл туралы журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді.
Сапар барысында Мило Джуканович Қазақстан басшылығымен келіссөздер жүргізеді, кездесуде екі жақ мемлекеттердің қазіргі әл-ахуалы мен ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқыламақ.