Еша Момени ханым Иранда қауіпсіздік мәселесіне байланысты айыпталған еді. Бір айдан бері түрмеде отырған ол, кепілдік шарты бойынша, Ираннан шетке шықпауы тиіс. Бұл жөнінде Моменидің заңгері мәлімдеді. АҚШ-тың Калифорния штатында тұратын ол әйелдер қозғалысы мен әйелдер хұқына байланысты зерттеулер жүргізген еді.