Алматыда арақ-шарап өндірумен айналысатын бір фирманың цехынан қолдан жасалған деген күдікпен 27 мың дана есептік бақылау маркасы тәркіленді.
Тергеу ісінің жүріп жатуына байланысты аты аталмай отырған фирманың арақ өнімдері осы уақытқа дейін республика көлеміне кең таралып келген.
Егер арақ өнімін шығарған фирманың жауапты адамдарының жалған есептік бақылау маркасын пайдаланғаны дәлелденсе, ҚР Қылмыстық кодексінің «есептік бақылау маркасы туралы» 208 бабымен және бухгалтерлік есеп жүргізу ісінің бұзылуы жөніндегі 218 бабымен, сондай-ақ, салықтан жалтарғаны үшін 222 бабымен үстерінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Аты-жөнін атаудан бас тартқан азық-түлік дүкенінің иесі:
— Арақ-шарапты көп мөлшерде базардан аламын. Оның есептік бақылау маркасына мүлдем қарамаймын. Соған назар салу деген есіме де кіріп, шықпайды екен. Әй, бірақ, маркаға зер салған күннің өзінде оның я жалған ,я мемлекеттік екенін қай белгісіне қарап ажыратам. Оны арнайы мамандар білмесе, ел қайдан білсін?
Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкері, аға лейтенант Жақсылық Құттықов:
— Фирмаға қарасты дайын өнім сақталатын қоймаларға жүргізілген тексеріс кезінде N 5 цехтан 27 000 дана есептік бақылау маркасы күдікті деп табылып, тәркіленді. Және арақ құю цехынан 15 түрлі арақ-шарап өнімдеріне желімделген жоғарыдағыдай маркалар табылды. Сондай-ақ, фирма директоры кабинетіндегі сейфтен дәл осындай марканың 15 мың данасын қолға түсірдік. Біз аталған фактілер дәлелденбейінше, фирманың жұмысын тоқтатуға құқымыз жоқ. Бірақ жаңағы цехтарға арнайы белгі салып бекіттік. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр.
Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері аталмыш фирма үлкен көлемде өнім шығаратынын және өнімдері Қазақстан бойынша таралуы мүмкін екенін, өйткені, бұл арақ-шараптың сауда белгілері нарықта өте танымал екенін айтқанымен, нақты атауын айтудан бас тартып, тергеу аяқталған соң ғана жария етілетінін жеткізді.
Қазақстанның спирттік өнімдер нарығында беделді деп саналатын «Бахус- трединг» компаниясы ЖШС-нің маркетинг бөлімінің бастығы Наталья Германның сөзіне сенсек, компания өнімдері күнделікті Салық комитеті мен Қаржы полициясы тарапынан тексеріліп отыратын көрінеді:
— Себебі күнделікті шығарылатын өнімдерге арнайы аппараттан тексерістен өткен есептік бақылау маркасы жапсырылады. Әр бөтелкеге жеке-жеке марка желімделеді. Негізі біз өзіміз шығарған өніміміздің жалған түрін жасаумен айналысып жүрген топты немесе адамдарды тапсақ, қаржы полициясына хабарласып айтып отырамыз. Олар да өз тарапынан қандай да бір арақ-шарап өнімдеріне байланысты іс болатын болса, бізге хабарлап тексеріс жүргізеді.
Алайда, әлгі фирманың өнімдері талаптарға сай, тек есептік бақылау маркасы ғана күдік туғызып отыр екен.
— Бұл фирманың арақ-шарап өнімдерін шығаруға лицензиясы бар.
Жалпы есептік бақылау маркасында ҚР Елтаңбасы сияқты айрықша белгілері болады. Есептік бақылау маркасын белгілі құжаттар толтырып қана ала алады. Дегенмен, кейбір арақ-шарап өндірісінің басшылары салықтан жалтару үшін жалған есептік бақылау маркасын пайдаланып отырғанға ұқсайды. Тәркіленген жалған маркалар өте жоғары сапалы деңгейде дайындалған. Тергеу барысында маркаларды кімдер және қалай дайындағаны да белгілі болады – бұл сөздің иесі қаржы полициясының подполковнигі Оңғар Рахатұлы.
Есептік бақылау маркалары Ұлттық банктің банкноттарды басып шығару фабрикасында шығарылатынын Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің қызметкері Мәдина Мұраттың аузынан естідік:
— Есептік бақылау маркасында өнім шығарушы туралы барлық деректер және арнайы штрих код орналастырылған. Оны Салық комитетінің аталған маркаларды рұқсатпен берумен шұғылданатын бөлімінен арақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар өтініш жазу арқылы алады. Ал, жалған марка жасауға келетін болсақ, онымен Салық комитеті, басқа да құқық қорғау орындары күрес жүргізіп келеді.