АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі басшысының айтуынша, Осама бин Ладен Әл-Қайданың күнделікті шараларына қатыстырылмайтын сияқты. Алайда аталған ұйым Құрама Штаттардың қауіпсіздігіне жалғыз үлкен қатер болып тұр, деді Майкл Хайдн мырза Вашингтонда сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша бин Ладен Ауған-Пәкістан шекарасында бой тасалап жүрген болуы ықтимал.