ЕуроОдақ Косоводағы жарылысты айыптады

Еуропа Одағы өзінің Косоводағы өкілінің кеңсесіне болған шабуылды айыптап отыр. Жұма күні кешкісін өкілдік ғимаратына жарылғыш зат лақтырылғанда терезелер қирап, біраз көліктерге зақым келген. Бірақ ешкім жараланбаған. Еуропа Одағының төрағалығындағы Францияның мәлімдемесінде, ЕуроОдақ Косоводағы арнайы өкілінің кеңсесі алдында болған шабуылды "қатты айыптап" отыр делінген. Және ол мәлімдемеде Одақ Косовода заңдық тәртіпті орнату тұрғысындағы жұмысы мен миссиясын жалғастыра береді деп айтылды.