Ауғанстанның шығысында одақтас күштер 10 содырды өлтірді

Бүгін АҚШ әскерилері Ауғанстанның Пактия уәлаятындағы жарылғыш заттар жасайтын өндіріс орнына қарсы рейд кезінде 10 бүлікшіні өлтірген. Әскерилердің айтуынша, сарбаздар Пәкістандағы экстремистерді басқарып отырған Жалалуддин Хакканидің содырларын нысанаға алған. Кезінде Құрама Штаттар Хакканиді Совет одағы күштеріне қарсы шыққан “еркін күрескер” деп атаған. Бірақ бүгінде ол Талибандарға өте жақын деп танылып отыр.