Қытайда жерасты жолдың құлауынан кемінде 3 адам қаза тапты

Қытайдың шығысында жер асты туннель құлаған кезде онда жұмыс жасап жатқан үш адам қаза болды. Тағы 17 кісі сенбі күнгі ол апаттың құрығына түсіп, жер астында қалып отыр. Жолдың талқандалуынан пайда болған апанға 11 көлік түсіп кеткен. Жерасты жолдары енді құлай бастағанда 30 жұмысшы одан аман шығып үлгеріпті. Құтқару шараларын жүргізуге апат ошағына құйылған жақын маңдағы өзеннің суы кедергі келтіріп отыр.