Ирақта жанкештілік шабуылдан 15 адам қаза тапты

Ирақ полициясының хабарлауынша, Дияла провинциясында жанкештілік көлік жарылысынан 15 адам қаза болды, оның ішінде 7-і полиция қызметкері болып отыр. Тағы 20 шақты кісі жарақат алған. Шабуылдаушы Бағдадтың солтүстігіндегі қалада полиция бекетін нысанаға алған.