Израиль мен Палестина басшылары кездеспек

Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас пен қызметінен кетейін деп жатқан Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт бүгін Иерусалимде кездеседі. Палестина мәмілегері Саеб Ерекаттың мәлімдеуінше, Аббас пен Олмерт Газада жаңадан жасалған зорлық-зомбылық әрекеттерін талқыламақ.