НАТО АҚШ жоспарын қолдауда

Польша мен Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру жөніндегі АҚШ-тың жоспарына НАТО қолдау білдіруде. НАТО баспасөз хатшысы Кармен Ромероның мәлімдеуінше, сәуір айында Бухарестте өткен саммитте НАТО-ға мүше елдер бұл жобаны қолдаған болатын, содан бері НАТО ұстанымы өзгермеді.