Дэвид Милибэнд бүгін Сирия президенті Башар әл-Асадпен кездеседі. Ол сапар алдында ББС-ге берген сұхбатында “Таяу Шығыстың тұрақтылығын қамтамасыз етуде Сирияның атқарар рөлі зор”,-дей келіп, Сирияны осындай игілікті іске шақырған болатын. АҚШ болса Сирия елі Хамас және Хизбулла қозғалыстарын қолдауда деп сақтанып келеді. Алайда, Еуропа мен Сирия байланыстары соңғы айларда өсе түсуде.