Бүгін Женевада Ресей мен Грузия ресмилері қауіпсіздік пен босқындар мәселесін талқылауда. Бұл келіссөздерге сондай-ақ Грузияның жікшіл аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазияның өкілдері де қатысуда. Тамыз айында Оңтүстік Осетияға байланысты Ресей мен Грузия арасында қақтығыс орын алған еді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы грузин қызметінің хабарлауынша, Женевадағы келіссөздер ресми пленарлық сессия ретінде емес жұмыс топтары негізінде өтуде. Бұл кездесуде Еуропа Одағы, БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арағайындық жасауда. Оған сондай-ақ АҚШ өкілдері қатысып отыр.