БҰҰ делегациясы Ауғанстанға барады

Бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің делегациясы Ауғанстанға барады. Италияның БҰҰ-дағы елшісі Джулио Терци жетекшілігіндегі делегация құрамында Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің өкілдері бар. Италия елшісінің хабарлауынша, бір аптаға созылатын сапар барысында олар Ауғанстан астанасы Кабул мен елдің батысындағы Херат қаласына баратын болады. Ресмилердің айтуынша, бұл сапардың мақсаты Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты Қауіпсіздік кеңесінің міндеттемесін білдіру болып табылады. БҰҰ өкілдері сондай-ақ Ауғанстанда жасалған алғабасушылық әрекеттерін тексереді.