Әсіресе Грузия “Раушан төңкерісінің” 5 жылдығын тойлаған тұста теке-тірестер асқына түсті. Грузияның айтуынша, Ресей әскерилері Оңтүстік Осетияға жақын маңда көлік керуеніне оқ атқан екен. Ол керуенде Грузия президенті Михаил Саакашвили мен Польша президенті Лех Качиньский болған. Ресей тарапы бұл айыптауды жоққа шығаруда.