Алматыда «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» өтеді

Ертең сағат 10.00 - де Мақатаев пен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан Еңбек Биржасының ғимаратында Бостандық ауданының «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» өтеді, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрмеңкеге 20 -дан астам компания қатысады. Олар полиграфиямен, транспорт тасымалымен, телекоммуникациямен, құрылыс материалдарын, нан- бөлке, кондитер өнімдерін шығарумен айналысады.

Жыл басынан бері қалада 11451 жұмыс орны пайда болды, 3767 адам жұмысқа орналасты. Аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелген жұмыссыздар саны қысқарды, қазір 2793 адам есепте тұр.