Британия солдаты тыңшылығы үшін сотталды

Британия армиясының капралы, Иранда туылған Дэниел Джеймс Лондон сотымен 10 жылға сотталды. Ол Британия әскері құрамында Ауғанстанда болған кезде Иранның пайдасына тыңшылық жасап, НАТО-ның құпия ақпараттарын жеткізіп отырған деп айыпталуда. Солдат Джеймс өзі тұтқындалған 2006 жылы Британияның Ауғанстандағы бас қолбасшысы, генерал Дэвид Ричардстың жеке аудармашысы боп қызмет еткен еді.