Ахмадинежад: Қаржылық дағдарысқа Батыс кінәлі

Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың айтуынша, қаржылық дағдарысқа айыпты Батыс кесірінен өзге елдер де көмек көрсету ісіне тартылмақшы. Қатар астанасында өтіп жатқан БҰҰ-ның көмек конференциясында сөйлеген сөзінде ол Батыс басшылары өздерінің дағдарыстарын әлемге жаюға тырысып отыр деді. Әлемдік банк есебіне қарағанда, 40 миллиондай адам, осы дағдарыс кесірінен, 2009 жылы кедейлік қамытын кимекші.