Шешенстанда тағы бір әйел өлтірілді

Басынан атылған оның денесі Енгиной ауылы маңында табылған екен. Бұған дейін өткен аптада тағы 6 әйел өлтірілген болатын. Олардың бәрі де- жастары 30-ға жетпеген әйелдер. Грозный қаласы маңынан мәйіттері табылған оларды жеңіл жүріске салынды деп қылмыскерлер өлтіруі мүмкін дейді істі зерттеушілер.