НАТО сыртқы істер министрлері Брюсселде кездесті

Күн тәртібі бойынша Украина, Грузия мен одақ арасындағы әскери келісімдер талқыланбақшы. АҚШ бұл екі елге НАТО-ның Мүшелікке әзірлік жоспарын беруін қалайды. Ал Германия, Франция тағы басқа да НАТО-ға мүше елдер Ресейді ренжітпеу тұрғысында бұл ұсынысқа қарсы болып отыр.