ЕуроОдақ қызметі Косовода басталады

Бүгін басталатын бұл арнайы қызмет тәуелсіз Косоводағы полиция, сот жүйесі және салық жүйесі қызметтерін бақылайтын болады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі аталған қызмет жұмысына қараша айында рұқсат еткен-ді. БҰҰ бас хатшысы Пан Ки Мунның айтуынша, Косово да, Сербия да бұл қызметпен бірлікте жұмыс істеуге ынталы болып отыр.