Қолда бар дерек-мәліметтерге қарағанда түркі халықтары бабаларынан қалған жазба ескерткіштердің түп-тамыры сонау 5-8-ші ғасырларға барып тіреледі. Бәлкім одан да ертеректен бастау алатын шығар. Тым әрідегі тарих қойнауына сүңгіп, ондай игілікті міндеттерді атқару ұрпақтар еншісінде...
Рухани жәдігермен алғашқы қауышу...
Көне түркі ескерткіштері жөнінде өткен ғасырда, Совет үкіметінің дәуірлеп тұрған 60-шы, 70-ші жылдарында көпшілікке айтыла бермейтін, мектеп бағдарламасына енгізілмейтін.
Сол 70-ші жылдардың бас кезінде, арман қуып, Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскеннен кейін ғана осынау қайталанбас жәдігерлеріміз жөнінде алғаш естігенбіз.
Әлі есімде, “Көне түркі жазба ескерткіштері” деген пән бойынша дәріске 1-ші курс студенттері зор ынтамен қатысушы еді. Себебі онда айтылатын әрбір сөз, ақпарат біз үшін тым соны-тын. Осы пән бойынша дәріс беретін, сол кездегі ғылым кандидаты, жас ғалым Мырзатай Жолдасбеков Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштерінен үзінді оқи жөнелетін еді.
Білге қағанның туыс-туған, қол астындағы тайпалары мен халқына арнау сөзін санамызға сіңіруге тырысатын. Ұстазымыздың бір ырғақты, терең де қоңыр дауысы ғасырлар қойнауынан бізге тікелей сөйлеп тұрған бабалар үніндей естілуші еді. Жастық қиял оны одан әрі дамытып барып, санаға, көкейге тиісінше орналастыра беретіндей еді.
“Теңіртег, теңірде болмыш түрік білге қаған...” деп біраз толғанып барып, содан кейін мәтіннің мазмұнына бойлай алмай отырған студенттерін жағалап бір қарап алып, аудармасын оқи жөнелетін: “Тәңіріндей, тәңірден жаралған, мен түрк Білге-қаған...”
Ал қызыққан студенттер кітапхана жағалап, іштерінде өз беттерімен ізденіп, зерттеулермен айналысқандары да болды. Қызығушылықтарымыз зор еді.
Одан әрі Білге-қаған былай дейді: “Мен қазір таққа отырдым. Менің сөзімді соңыма ілескен жастар мен одақтас тайпалар, халқым тұтас тыңдаңдар...”
Ғалымдар пікіріне ден қойсақ...
Университетте дәріс берген ұстаздарымыз бен көне түркі ескерткіштерін зерттеуші ғалымдардың айтуынша: Дешті қыпшақ даласы шартарапқа көсіліп жатқан қандай кең болса, оның төсін дүбірлетіп өткен бабаларымыздың тарихы да- соншалықты мол әрі тәлімді.
Ол кездері түркі тектес халықтар осынау сайын даланы ортақ иеленіп, бірге жайлайтын болғандықтан олардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, тарихи, мәдени жәдігерлері ортақ еді. Міне осы себепті сол қасиетті тамырдан өрбіп шығып, өз алдарына жеке-дара мемлекет боп өркендеп кеткендеріне 8 ғасырға жуық уақыт өтсе де, түркі тектес мемлекеттердің әрқайсысының аталған дәуірдегі, тіпті одан бергі 4-5 ғасыр аралығындағы рухани қазыналарын әр ұлт өз жағына тартыңқырап, жеке иеленгісі келетін тұстары да жоқ емес.
Ондай құбылыс-заңды да. Тілі, ділі, өмір-салты мен тіршілік көздері және мекендеген жерлері ортақ болған сол кезіндегі туыстас тайпалар, яғни бүгінгі бауырлас елдер дәл қазіргі 21 ғасырдың төрінде отырып та, бір дарақтан өрбіп шыққандарын естерінде тұтып, жүрек төрлерінде ұстаса болғаны-да.
Сонымен жоғарыда аталған, Түркітану саласының ғалымдары 5-8-ші ғасырлар аясында дүниеге келген көне түркі ескерткіштерін орналасқан жері мен тілдік табиғатына қарай Енесай, Талас және Орхон жазба ескерткіштері деп үш топқа бөледі.
Бұл жолы біз осы ескерткіштердің үшінші тобы жайлы сөз қозғасақ...
Елтеріс хан, Моғулан, Күлтегін сияқты небір шешуші шайқастарға қалың қолды бастап шыққан жаужүрек батырлардың жорықтары жайлы толғаулар және ел билеудегі даналығымен тарихта аты қалған Тоныкөктей біртуар ұлдың құлпытастарына қашалып жазылған арнау-сөз, жазбаша ескерткіштері исі түркі әлемінің ғана емес, тұтас адамзат өркениетінің қайталанбас рухани мұраларынан саналады.
“Аз халқымды көп еттім...”
Жоғарыда аталған баянында Білге-қаған түркі жұртының игілігі, болашағы үшін жасаған өзінің үлкен жорықтарына тоқталады. Сол жорықтары барысында оңтүстікте Тибетке дейін барып, ал батыста Темір қақпаға, солтүстікте Байырқуға жеткенін баян еткен екен.
Ол сондай-ақ Табғач халқы қағанының жаулығынан сақ болуды еліне ескертеді.
“Кедей халқымды бай еттім. Аз халқымды көп еттім”... деп толғанады дана билеуші Білге-қаған.
“Оның билігі тұсында бұрын босып кеткен талай түркі азаматтары туған жерлеріне қайта оралған екен”,-дейді түркі танушы ғалым Ғұбайдулла Айдаров. Білге-қаған көршілерімен де дипломатиялық қарым-қатынаста болып, тату тұрған көрінеді.
Дастанның біраз тұстары тарихи кезеңдерге арналған.
Тасқа қашалған бұл жыр-дастан 13 жолдан тұрады.
Аталған толғау Күлтегін ескерткішінің бесбұрышты қалқан пішіндегі төбесінің сол жақ жиегіне жазылған екен. Пирамида үлгісіндегі ескерткіштің тағы бір бетінде жырдың 732 жылдың 1-тамызында тасқа қашалғаны да ойып жазылған.
Бұл тұтас ескерткіш Күлтегінге арналған болатын. Батыр Күлтегін-Қутлуғтың ұлы. Ол 685 жылы дүниеге келіп, 731 жылы қаза болған. Оның басына қойылған ескерткіш тасқа жоғарыдағы Білге-қаған толғауы бір жылдан кейін қашалып жазылғанға ұқсайды. Бәлкім қашау ісі 731-де басталып, бір жылға созылды ма екен?!...
Ескерткішті Батыс және орыс ғалымдары 19-шы ғасырдың басында зерттей бастаған дейді ғалымдар.
-Батыс ғалымдары біздің бабаларымыз қалдырған ескерткіштерді қалайша оқи алады?-деп сұрақ қоюшы еді студенттер ондайда.
Сөйтсек, ғалымдардың дәлелдеуінше, оның сыры мынада екен: Ескерткіш көне руна әліпбиімен жазылған. Ал біздің дәуіріміздің 2-3-ші ғасырларында дүниеге келген руна жазуы негізінен қазіргі Еуропа құрылығы мен Британия аралында, Скандинавия түбегінде кеңінен таралған боп шықты.
Дей тұрғанмен, түркітанушы ғалым Ғұбайдулла Айдаровтың айтуынша, көнетүркі жазуы руна жазуынан да ертеректен бастау алатын көрінеді. Сондықтан ол екеуін өзара шатастыруға болмайды дейді ғалым.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің қазіргі қазақ тілімен салыстырмалы грамматикасына, сөздік қорына назар бұрсаңыз - көл-көсір ұқсастықтар алдыңыздан шығады.
Бабалар аманатының ұрпақтарына әлі айтпағы мол.