БиБиСи хабарлары Қырғызстанда тоқтатылды

БиБиСи өкілдерінің айтуынша, ол радио тораптың қырғыз және орыс тілдеріндегі хабарлары желтоқсанның 1-нен бері әуеге шықпауда. Алайда қырғыз ресмилері бұл әрекет себептері жөнінде түсініктеме айтпауда. Сондай-ақ Азаттық радиосының теледидар бағдарламасы да әуеден алынып тасталған болатын. “Азаттық радиосы келісімшарт баптарын толық орындамауда”,- деді қырғыз ресмилері.