Хамид Қарзай мен Асиф Әли Зардари арасындағы бұл кездесу- Түркияның қолдауымен өтіп отырған екінші жүздесу. Мақсат- қос көрші елді бір-бірне жақындастыру. Қарзай мен Пәкістанның сол кездегі президенті Первез Мушараф 2007 жылдың сәуір айында Анкарада кездесіп, Талибанға қарсы бірлесіп күресуге уәде етіскен болатын. Осы уәдені орындамауда, деп Ауғанстан Пәкістанды айыптауда. Пәкістан бұл айыптауды қабылдамай келеді.