Молдова елден Ресей әскерінің шығарылуына шақыруда

Молдова сыртқы істер министрі Андрей Стратан орыс әскері Днестр маңы жікшілдік аймағынан толық және ешқандай алғы шарттарсыз шығуы тиіс деді. Стратан бұл мәлімдемесін ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі кездесуінде айтты. Аталған аймақта қазір Ресейдің 1000-дай әскериі тұр. Ресейшіл жікшілдер мұнда 1990 жылы Молдовадан тәуелсіздігін жариялаған болатын.