Ресей марқұм патриархымен қоштасуда

Мәскеуде Ресей жұртшылығы Орыстың православие шіркеуінің патриархы ІІ-Алексиймен қоштасуда. Марқұмның табыты қойылған Құтқарушы Христос шіркеуіне мыңдаған жұрт келіп үлгерді. Қоштасуға келгендер бірнеше сағат бойы кезекте тұрады.
Ресей президенті Дмитрий Медведев марқұм патриархты жерлейтін 9 желтоқсан күні барлық ойын-сауықты доғаруды ұсынды. Президенттің жарлығында, сонымен қатар, Ресейдегі барлық телерадиоарналардың аза тұту рәсімін жан-жақты көрсетуге тиіс екені айтылды.
Мәскеудің және бүкіл Ресейдің Патриархы ІІ-Алексий – 5 желтоқсан күні 79 жасында дүниеден өтті.
Орыстың православие шіркеуінің Қасиетті синоды Смоленск әрі Калининград митрополиті Кирилды патриахтың тағына уақытша отырғызды. Ол шіркеуді Поместный храмында жаңа патриарх сайланғанша басқарады.