Босниялық Серб республикасындағы бір мешітке бүгін өрт қойылды. Гачко қаласындағы Фазлагича Кула ауылында орын алған өрттен ешкім жараланбады. Бұл өртке не себеп болғандығы белгісіз. Мұсылмандардың көбі бұл ауылдан 1992-1995 жылдары болған соғыс барысында үйлерін тастап кеткен болатын, олардың кейбірі қайта оралған еді.