Бұл жөнінде ирандық хұқық қорғау ұйымдары мәлімдеді. Олар БҰҰ-на арнайы хатты Адам хұқын қорғау қарарының қабылданғанына 60 жыл толуы қарсаңында жолдаған болатын. Хұқық қорғаушы топтар Иранда хұқықты таптаудың 250-дей оқиғасы болғанын тізіп шыққан екен. Бұл мәліметтер ресми деректерден алынды дейді олар.