Швейцария Грузияда Ресейдің мүддесін орындайтын болады

Бүгін Ресей мен Швейцария арасында Мәскеудің Грузиядағы мүдделерін Тблисидегі Швейцария елшілігі арқылы орындау туралы келісім жасалды. Грузия мен Ресей тамыз айындағы 5 күндік соғыстан соң өздерінің ел астаналарындағы елшіліктерін қыркүйек айында жауып тастаған. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгінгі келісімді Грузиямен байланысты жақсартуға әкелетін қадам ретінде мадақтап сөйледі.